Егер COVID-19 болмаса, иіс сезу қабілетін жоғалту нені білдіреді?

0

Коронавирустық инфекцияны жұқтырумен болмаған иіс сезу қабілетінің жоғалуы ауыр созылмалы аурудың дамуын көрсетуі мүмкін, деп хабарлайды ресейлік дәрігерлер.

Мамандардың айтуынша, иіс сезу қабілетінің болмауы көптеген түрлі патологиялардың симптомы болып табылады – иіс сезу қабілетінің кенеттен жоғалуы мұрын қуысының шырышты қабатының ісінуі кезінде пайда болады. ЖРВИ-мен ауырған кезінде шырышты қабаттарда қан көптеп жиналады, бұл ауа ағынын едәуір қиындатып, иіс сезу қабілетінің төмендеуіне себепші болады. Дәл осындай жағдай жедел аллергиялық реакциялар кезінде де пайда болады. COVID-19 кезінде иіс сезу қабілеті жоғалады, бірақ мұрын бітелу жағдайы болмайды.

Сондай-ақ, иіс сезу қабілеті инфаркттан кейінгі жағдайларда, мұрынның сынуы, нейродегенеративті аурулар, ми ісіктері, сондай-ақ Паркинсон және Альцгеймер аурулары кезінде жоғалып кетуі мүмкін. Ауыр созылмалы ауруларда иіс сезу қабілеті аурудың ауыр көріністері пайда болғанға дейін үш-төрт жыл бұрын жоғалады. Сондықтан алғашқы белгілер кезінде дәрігермен кеңесіп, тексеруден өту өте маңызды.