ЕАЭО премьер-министрлері Қырғызстанда бас қосты

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қырғызстан үкіметінің басшысы әріптестерінің Шолпан-Атада отырыс өткізуге келіскені үшін алғыс білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз — Sputnik. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мерейтойлық отырысы шағын құрамда Шолпан-Атада өтіп жатыр. Жиынға ЕАЭО елдерінің премьерлері мен Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа төрағасы Тигран Саркисян қатысып отыр.

Қырғызстанның премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев қатысушыларды Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісімшартқа қол қобдың бес жылдығымен құттықтады. Сондай-ақ, еуразиялық интеграция идеясына 25 жыл толып отыр. Қырғызстан үкіметінің басшысы әріптестерінің Шолпан-Атада отырыс өткізуге келіскені үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды үкімет аппараты.


©
Sputnik / Екатерина Штукина

Шолпан-Атадағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мерейтойлық отырысы (Қырғызстан)

Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин Қырғызстанға 8 тамыз күні барды. Тамшы селосындағы Ыстықкөл әуежайында оны Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Замирбек Асқаров қарсы алды.

Жұмыс сапары кезінде Маминді Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қабылдайды деп күтіліп отыр.

Шолпан-Атада кеңейтілген құрамдағы отырыс өтеді. Нәтижесінде бірқатар құжатқа қол қойылады.


©
Sputnik / Екатерина Штукина

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян, Белоруссияның премьер-министр Сергей Румас, Қазақстанның үкімет басшысы Асқар Мамин және Қырғызстан премьер-министрі Мұхаммедқали Әбілғазиев

Күн тәртібіне ішкі нарық жұмысы, өнеркәсіп кооперациясы, технология трансферты, ауыл шаруашылығы, кедендік басқару, көлік, логистика және трансшекаралық ақпарат өзара әрекеттесу мәселесі қойылған.

Премьерлер одаққа түсетін кедендік баж салығын қатысушы елдер бюджетіне үлестіру жайын талқылайды.

Қырғызстандағы ахуал

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы Қырғызстанда резонанс туғызған оқиғалармен тұспа-тұс келді. Елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбае уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Алмазбек Атамбаев Первомай аудандық сотының шешімімен мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша ұстау абақтысына 26 тамызға дейін қамауға алынды. Қырғызстанның ішкі істер министрлігі экс-президентке қылмыстық кодекстің 319-бабы «Жемқорлық» бойынша айып тағылып отырғанын хабарлады.

7 тамыз кешке Кой-Таш ауылында арнайы жасақ Атамбаевты ұстау операциясын жүзеге асырмақ болды. Алайда бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары оларға тойтарыс берді.

Тағы оқыңыз: Желіде Атамбаевтың тергеу абақтысында түсірілген фотосы жарияланды

8 тамызда құқыққорғаушылар тағы операция бастап, 19.30-да Атамбаевты ұстады. Кейінірек наразылық білдірушілер күшпен тарқатылды.

Соңғы деректерге сүйенсек, екі күндік қақтығыс салдарынан 98 адам зардап шеккен, арнайы жасақтың бір сарбазы оқ жарақатынан көз жұмды.



sputniknews.kz