Дзюдодан Қазақстан чемпионы көз жұмды
Қысқа сілтеме алу
Аэлита Щербакова 1995 жылы Алматы облысында дүниеге келген
НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. 11 сәуір күні дзюдодан Қазақстан ұлттық командасының мүшесі Аэлита Щербакова өмірден озды, деп хабарлады Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
Комитет дзюдошының қазасы Қазақстан спорты үшін ауыр қайғы екен мәлім етті.
«Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті еліміздегі барлық спорт қоғамдастығы атынан талантты спортшының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Бұл – спортымыз үшін орны толмас қайғы. Мұндай қиын сәтте біз сіздермен біргеміз», — деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Аэлита Щербакова 1995 жылы 5 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген. Ол – Қазақстанның екі дүркін чемпионы, әлемдік Гран-при кезеңінің қола жүлдегері (Ташкент, 2017), Азия кубогының күміс жүлдегері (Ақтау, 2018).
sputniknews.kz