Президент: Әкімдер мен министрлер бюджетті таусылмайтын қазынадай көреді — Қазақстан жаңалықтары

0

Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев

Сурет: Айқын газеті

Кездесу барысында президент кейбір әкім мен министрдің бюджет ақшасына немқұрайлы қарайтынын айтты. 

«Кейбір әкім мен министр бюджетке қазынасы таусылмайтын қоржындай қарайды. Бізде қажетсіз шығындар көп», — деп келтірді Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау белсенділерімен кездесу барысында мемлекетті дамытудағы дәстүрдің орнына тоқталды. 

«Бұл — мемлекеттің дамуындағы басты кепілдік. Әйтпесе, тұрықтылық та, даму да болмайды. Ұлы дала демократиясы әрдайым әділдікті ұстану принципінен басталады. Мұны жоғалтсақ, адамзат пен ұлт жойылады. Біздің дана халқымыз әрдайым «Әділдік жолы – ауыр жол» деп айтатын. Бірақ біз үшін басқа жол жоқ. Мемлекеттік саясат бірінші кезекте осыны ескеруі тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

 

stan.kz