Джо Байденнің ұлы Кәрім Мәсімовпен қылмыстық байланыста болғаны үшін айыпталуда

0
640

Кәрім Мәсімов пен Хантер Байден арасында  миллиондаған доллар тұратын келісім жасалған, — деп хабарлайды Kznews.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Daily Mail хабарлағандай, Кіші Байден Кәрім Мәсімовпен бірге қытайлық China National Offshore Oil Corporation (Cnooc) мұнай компаниясы бойынша бірге Қазақстанда жұмыс істеген.

Электрондық хаттарда Хантер Мәсімовті «жақын дос», ал оның ұлы Искандерді «өте жақсы дос» деп атаған.

«Екеуі де CNOOC және Burisma-мен жасырын келісім жасасуға тырысты. Оның сомасы 120 миллион долларды құрады», — делінген басылымда

CNOOC бірнеше жылдар бойы қазақстандық энергетикалық нарыққа енуге тырысқан еді. Себебі Қазақстан Қытай үшін мұнай мен газдың стратегиялық тиімді көзі болып табылады.

Мысалы, 2003 жылы компания қазақстандық Солтүстік Каспий жобасының бір бөлігін Британдық BG Group-тан сатып алуға тырысты. Содан кейін батыстық компаниялар тобы 615 миллион долларлық келісімге тосқауыл қойды. Олардың қатарында Exxon Mobil, Royal Dutch/Shell және TotalFinaElf компаниялары бар еді.

Басылым еске салғандай, аспан асты елінің мұнай-газ алыбы 2020 жылы және 2021 жылы АҚШ-тың санкцияларына ұшыраған. Қытай билігінің Оңтүстік Қытай теңізіндегі мәжбүрлі  соғыс әрекеттері үшін санкциялар енгізілген еді.

Кіші Байденнің ноутбугындағы электрондық хаттар оның Мұнай мәмілесін жасау үшін Қытай мен Қазақстанға барғанын көрсетеді. Бұл 2014 және 2015 жылдары болған.

Кейін Хантер делдал ретінде әрекет еткен. Ол мұны Директорлар кеңесінің құрамына кіретін украиналық Burisma газ компаниясының атынан жасады.

Хантердің қытайлық серіктестерінің Burisma мәмілелеріне қатысуы оның Шығыс Еуропадағы мәмілелеріне «алаңдатарлық аспект» ретінде қарастырылады. Басылымның болжамы бойынша, Қытай үкіметінің «энергетикалық мүдделеріне» сәйкес келетін мәмілеге қатыса отырып, Хантер миллиондаған долларлық джекпотты ұтып алуға үміттенген.

Скриншот Dailymail.com сайтынан

Фото:  orda.kz