Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясының жаңа эпицентрін жариялады – Қазақстан жаңалықтары

0
0

Оңтүстік Америка COVID-19 пандемиясының жаңа эпицентрі болып танылды. Бұл аймақта ең көп зардап шеккен ел Бразилия. Бұл туралы ДДСҰ-ның денсаулық сақтаудың төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Оңтүстік Америка індеттің жаңа ошағына айналды. Біз Оңтүстік Американың көптеген елдерінде жұқпалы аурулардың өсіп жатқанын көріп отырмыз. Әрине, олардың көпшілігінің жағдайы алаңдаушылық туғызады, бірақ солардың ішінде Бразилия қазіргі кезде ең көп зардап шекті», – деді ол Женевада өткен брифингте.

Оның айтуынша, Бразилияда вирус жұқтырғандардың саны 300 мыңға жақындауда, олардың көпшілігі Сан-Паулуда.

ДДСҰ-ның 22 мамырдағы мәліметі бойынша, әлемде COVID-19-жы жұқтырғандар саны 5 миллионға жетті, 327 мыңнан астам адам көз жұмды. Инфекцияның басым бөлігі Америкада тіркелген – 2220267 адам.

Джонс Хопкинс атындағы Америка университетінің мәліметі бойынша, 23 мамырда таңертең Бразилияда коронавирус жұқтырған адамдардың саны 330890 адамды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша олар Ресейден озып, АҚШ-тан кейін екінші орынға шықты.

Перуде 111698 адам, Чилиде 61857 адам, Эквадорда – 35828 адам ауруға шалдыққан. Перу президенті Мартин Вискарра карантин уақытын 25 мамырдан 30 маусымға дейін ұзартты.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз