Дональд Трамп қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

0
Дональд Трамп қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады


Қазақстандықтар Америка президенті Дональд Трамптың келе жатқан Тәуелсіздік күніне орай құттықтау хабарламасын алды.

АҚШ президентінің құттықтауын кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөніндегі қазақ-америка комиссиясының кезекті отырысының нәтижелері бойынша баспасөз конференциясында АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісінің бірінші орынбасары Элис Уэллс жолдады.

Өз сөзінде Элис Уэллс Қазақстанға Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары барысында өткен келіссөздер кезінде Назарбаев пен Трамп арасында қабылданған уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша жұмыс істеп жатқаны үшін алғысын білдірді. Ол Қазақстандағы қауіпсіздік саласы бойынша тұрақты саясат пен Ауғанстанға көрсетіліп жатқан көмектің ерекше екенін атап өтті.