Доллар бағамы ұзақ уақыт сақталған 400 теңге белгіленімнен төмен түсті — Қазақстан жаңалықтары

0

Доллар бағамы наурыздың ортасынан бастап алғаш рет KASE -де 400 теңгеден төмендеді, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі биржаның мәліметтеріне сілтеме жасап.

ақша

Таңертеңгілік сессия қорытындысы бойынша KASE-дегі доллар бағамы 396,77 теңгені құрады.

Бұл кешегі кешкі сессияға қарағанда 5,5 теңгеге аз: ол кезде америкалық валюта 402,27 теңгеден сатылды.

Мұндай көрсеткіш Қазақстанда соңғы рет наурызда байқалғанын атап өткен жөн.
Kurs.kz деректер бойынша, Алматы қаласының айырбастау орындарында доллар 399-404 теңгеден сатылып, 395-400 теңгеден сатып алынады.

Нұр-Сұлтанда доллар 399-403 теңге тұрады. Ал америкалық валютаны 396-398 теңгеден сатып алуға болады.

Айта кетейік, 3 маусымдағы доллардың ресми бағамы 402,37 теңгені құрады.

stan.kz