Қостанайда терек мамығының кесірінен 50-ден астам өрт шықты — Қазақстан жаңалықтары

0

Қостанай қаласында екі күн ішінде 50-ден астам өрт тіркелді. Өрттің туындауына терек мамығы себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ыстық ауа райының кесірінен қоқыстар мен шөптердің жануы жиіледі. Сонымен қатар терек мамығының тұтануы да жағдайды ушықтырып тұр. Мамандардың айтуынша, терек мамығынан құтылудың бір ғана жолы бар.

«Қостанай қаласында екі күн ішінде терек мамығы салдарынан 50-ден астам өрт тіркелді. Соның бірі Абай көшесіндегі жылу трассасының жануына әкеп соқты. Өрт сөндірушілер дер кезінде қауіптің бетін қайтарды. Терек мамығынан құтылудың бір ғана жолы бар. Ол – су себу. Ал терек мамығын өртеу үлкен шығындарға әкеп соғуы ықтимал. Ыстық және құрғақ күнде балалардың жанғыш заттармен ойнауына жол бермеу керек. Ал ересектер сіріңке мен өшірілмеген темекіні жерге тастамағандары дұрыс. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің қатаңдағанын ескертеміз», — дейді Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі орталығы бастығының орынбасары Абай Оспанов.

Мамандардың хабарлауынша, терек мамықтары тез тұтанады және соңынан қара түтін қалдырады. Ағаштардың маңын түрде тазалау, балаларға оны жағуға рұқсат бермеу қажет. 
 

stan.kz