Доллар бағамы 450: Құнсыздану қашанға дейін жалғасады? Сарапшылар жауап берді – Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның айырбастау пунктерінде доллар бағамы 430 теңгеге, ал Алматыда 450 теңгеге дейін жетті, еуро 495-500 теңгеден сатылып жатыр. Теңгенің мұндай құлдырауына не себеп, коронавирустың бұған әсері бар ма? Құнсыздану мен тұрақсыздық қашанға дейін жалғасады және одан кім пайда көреді? Елімізде азық-түлік қымбаттай ма? Stan.kz тілшісі экономист пен сарапшылардан сұрап білді.

ақша ауырбастау орындарында өсуді жалғастыруда

Коронавирус әсер етті ме?

GSB UIB бизнесті талдау орталығының сарапшысы, экономист Мақсат Халықтың айтуынша, теңгенің құлдырауына әлемдік жағдайдағы сыртқы факторлар әсер етті.

«Мұнай бағасынан құлдырауы, қор нарығындағы депрессиялық жағдайлар, әлемдегі көптеген елдің экономикасының репрессияға ұшыруы теңгенің құнсыздануына әкеліп соғып жатыр. Коронавирус үлкен пандемияға айналып кетті, бүкіл әлемнің экономикасын тығырыққа тіреп жатқан жағдайы бар», – дейді ол. 

Сарапшы сұранысқа да, ұсынысқа да ыңғайлы бір бағамға келгенше теңге тұрақсыз болатынын айтады.

«Таңғы сессияда 421 деп қабылданды, нәтижесінде айырбастау пункттерінде 440-қа секіріп кеткенін көріп отырмыз. Көтерілуі де, түсуі де мүмкін. Сұранысқа да, ұсынысқа да ыңғайлы бір бағамға келгенше біресе түсіп, біресе құлдырайтын жағдайды көретін боламыз», – дейді ол. 

Экономист Меруерт Махмұтованың айтуынша, теңгенің құнсыздануына әсер етіп отырғаны –  коронавирустың таралуы мен мұнайдың нарығы. Дүниежүзілік мұнай нарығындағы бағаның құлдырауы.

«Теңгенің құнсызданып жатқаны ең біріншіден, Еуразиялық Экономикалық одаққа кіреміз деп Ресейдің рубліне өзіміздің ахуалымызды байлап қойғанымыздан. Ресейдің рублі құнсызданғандықтан, соңынан біздің де теңгеміз құнсызданып жатыр. Егер теңгені бір деңгейде сақтап қаламыз десек, валюталық интервенция қолдану керек», – дейді Меруерт Махмұтова.

АҚШ-тың өзі «Quantitative Easy» деген саясатын жүргізе бастады, қазақшалағанда «Сандық жеңілдетілген монетарлық саясат». Мұның негізгі мағынасы доллардың шекті пайызық мөлшерлемесін 0 пайызға дейін түсіру. Бұл дегеніміз долларды басқа екінші деңгейлі банк сияқты мекемелерге бергенде 0 пайызбен қарастырады деген сөз. Бұның өзі АҚШ тың қазіргі таңдағы жағдайының  өте күрделі екендігін көрсетеді. АҚШ қаржы секторын тұрақтандырып, дағдарысты болдырмас үшін 700 млрд доллар бөліп отыр», – дейді экономист Мақсат Халық. 

Айтуынша, мұндай жағдай тек 2008 жылғы қаржы дағдарысы кезінде болған. Енді қор нарықтарында депрессиялық жағдайлар орын алады.

«Ұлттық банк теңгені ары қарай ұстап тұрмаймыз деген шешім қабылдады. Оны ұстап тұрудың негізі жоқ екенін алға тартты. Теңгенің бағамы сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде қабылданады. Еркін айналым болады, өктемділік жасамаймыз деген шешім қабылдап отыр», – дейді ол. 

 

Теңгенің құлдырауы кім үшін тиімді?

«Біздің экспортерлер үшін тиімді. Себебі олар айырбас бағамынан табыс табады. Теңгенің құнсыз болғаны олар үшін ыңғайлы» – дейді сарапшы Мақсат Халық.

«Мұнайдың бағасын Goldman Sachs Group бір баррель үшін 20 долларға дейін барады деді. Сауд Арабиясы нарықта басқа ешкім қалмайтындай, мұнайды өздері ғана сататын ел болғысы келіп отырған сияқты. Оларда залалсыздық межелі баррель үшін 10 долларды құрап отыр. Мұнайды өндіріп, салығын төлеп, одан пайдасын түсіру олар үшін 10 доллар. Сол себепті  оларға бір баррель үшін  20 доллар болса дағы пайдасын түсіреді»,- дейді экономист Меруерт Махмұтова.

 

Халыққа қалай әсер етеді?

Мақсат Халық теңгенің құлдырауы халықтың табысының құлдырауына, құнсыздануына әсер етіп, төлем қабілеттілігі төмендейтінін айтады.

«Біздегі халықа кері әсерін тигізеді. Себебі бизнеспен айналысатындар үшін тұрақсыздық – үлкен трагедия. Қазірдің өзінде коронавирусың әсерінен көптеген бизнес нүктелері зардап шегіп жатыр. Онсыз да халықтың табысын өсіре алмай жатырмыз. Біз көптеген тауарларды шетелден долларға сатып алып келеміз», – дейді сарапшы. 

Айтуынша, жағдай жақсарады деген болжам әзірге жоқ. Теңгенің құлдырауы біраз уақытқа дейін созылады.

Экономист Меруерт Махмұтова елімізде өндірілетін азық-түлік қымбаттамауы тиіс екенін айтады.

«Қымбатшылыққа келсек, елімізде өндірілетін азық-түлік қымбаттамауы керек. Жанар-жағар майдың қымбаттауына экономикалық себеп жоқ, бірақ бізде монополиялық нарық тар. Мұнайдың бағасына сәйкес жанар-жағар май да арзандау керек. Жанар-жағар майдың қымбаттауы тауарлар мен қызмет құнынының қымбаттауына өз үлесін қосады», – деп қорытындылады экономист.

 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз