«Доллар 500 теңгеден асатыны рас па»: Ақша айырбастау пунктері ассоциациясы мәлімдеме жасады — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақша айырбастау пунктері ассоциациясы басшысы Арчин Галимбаев елдегі валюталық бағамның күрт өзгеріске ұшырауы туралы пікірі білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

«Ең басында биржа ашылған кезде курс 410-нан басталып, біраз ауыспалы болып тұрды. Алғашқы биржадағы банктер 435-те мәмілеге келді. Осы бағамға байланысты ақша айырбастау нүктелері доллар курсын орната бастады. Ал кейбір ақша айырбас нүктелерінде АҚШ валютасы бағамының жоғары болуы мен доллардың жетіспеуі олардың қандай жағдай орын алып жатқандығынан хабарсыз болуы», — дейді ұйымдастықтың басшысы.

Бұған қоса ол қазіргі таңда жағдайдың тұрақталғанын жеткізді. 

«Сағат 12-ге қарай бағам тұрақталды. Осыдан кейін ақша айырбастағысы келгендерге ешкім де шектеу қойған жоқ. Егер ондай жағдай байқалса тек бірең-сараң пунктерде ғана. Мысалы кішігірім ақша айырбастау нүктелерінде расымен де доллар таусылып қалуы мүмкін. Ол дәл сол үйымның басшылығына тікелей байланысты. Яғни ақша айырбастау нүктелеріне дер кезінде доллардың жеткілікті мөлшері әкелінбеген», — деп қосты Арчин Галимбаев. 

Сөзінше, қазіргі кезде жағдай барынша тұрақталған. 

«Сіз банктерден ақша айырбастай аласыз. Валюталық нарықта ешқандай да аласапыран жоқ. Әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таралып кеткен. Доллар бағамы 502-ге жетті деген ақылға қонымсыз ақпарат та жүр. Мұны кім таратқанын анықтайтын боламыз. Осы тұрғыда ІІМ тексеруді қолға алса екен дейміз. Тағы да қайталап айтамын: ақша айырбастау нүктелерінде доллар бар. Бірақ алыс аймақтарда орналасқан және кішігірім нүктелерде валюта тапшылығы байқалуы мүмкін», — деп аяқтады қауымдастық басшысы. 

 

stan.kz