Динара Сәтжан екінші рет тұрмыс құратынын айтты

0

Тележүргізуші Динара Сәтжан пластикалық ота жасатқанын мойындады. Сонымен қатар, ол некесі туралы сұрақтарға жауап берді. Оқырмандарының жиі қоятын сұрақтарына жауап айтты.

Тележүргізуші оқырмандарына өзің қалаған жерге барып, өзің қалаған жерде тұру керек деген кеңесін айтты. Динара Сәтжан Instagram желісіндегі оқырмандарымен ашық сөйлесті.

Біреуі Сәтжаннан пластикалық ота туралы сұрады. Жауап ретінде тележүргізуші шынымен пластикалық хирургтердің қызметіне жүгінгенін мойындады. Алайда ол дәл қандай ота жасатқанын айтпады.

“Иә, мен ота жасаттым”, – деді ол.

Тележүргізугі бұрын тұрмыста болғанын, алайда ажырасып кеткенін айтты. Екінші рет те тұрмыс құру жоспарында барын мойындады.

“Бұрын тұрмыста болғанмын, әрине, және тағы да тұрмыс құрамын деп ойлаймын”, – деді Динара.

  • Тағы бір оқырман Динараның 25 жастағы жастарға қандай кеңес беретінін сұрады.

«Мен өзім 25 жаста болсам, Мәскеуге барып, оны бағындыруға кеңес берер едім. Ал басқаларға өзі армандаған жерге барып өмір сүруге кеңес беремін», — деп жазды ол.

Сонымен қатар, отандық тележүргізуші өзінің сымбатының сырын ашты.

«Мен өте аз тамақ жеймін. Есесіне мен көп қозғаламын. Қанша энергия жұмсасаң, сонша тамақ жеу керек», — деп сендірді Динара ханым.