Димаштың ата-анасы ұлдарын қалай тәбиелегенін айтып берді — Әуен

0

Елорданың оқушылар сарайында Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтармен кездесу өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, кездесу барысында әркім Димаштың ата-анасына өз сұрағын қойды. Ол үшін алаңға микрофон ұсынылды.

«Қанат пен Светлана Айтбаевтар қазақстандықтардың сүйікті әншісін қалай тәбиелегені туралы айтып берді. Олардың пайымынша, бала өз қабілеті мен икемін өзі анықтап алуы керек. Ата-ана болса, баласының ізденісіне кедергі келтірмей, керісінше оны қолдау қажет», делінген «Астана дарыны» орталығының хабарламасында.


© astana.gov.kz

Шара соңында Димаштың ата-анасы жиналған жұртты әсем әнімен қуантты.