17-19 қарашаға жасалған ауа райы болжамы жарияланды

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

69 0 0

Демалыс күндері Астанада қар жауып, боран соғады

АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Қазгидрометтің хабарлауынша, бүгін және алдағы екі күнде Астанада қар жауады. 

Бүгін, оңтүстік-батыстан келетін желдің жылдамдығы 9-14 м/с-ке жетеді. Сондай-ақ, қалада қар жауады. Ауа температурасы түнде —13, —15 градусқа төмендейді.

Жексенбі, 18 қараша күні, боран соғып, арасында қар жауады. Жел солтүстік-батыстан келіп, оңтүстік-батысқа ұласады. Жылдамдығы 9-14 м/с-ке жетеді. Түнде ауа температурасы —7, —9 градус болса, күндіз —3, —5 градус болады.

19 қараша күні жауын-шашын жоқ. Оңтүстік-батыстан келетін желдің жылдамдығы 7-12 м/с-ке дейін ұласады. Күндіз ауа температурасы —3, —5 градус, ал күндіз —7, —9 градус болмақ.