Димаш жаңа әннің тұсауын кесті

0

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Кеше кешке «НТВ» және «Муз-ТВ» телеарналарында еліміздің танымал әншісі Димаш Құдайбергеннің қатысуымен екі бағдарлама көрсетілді

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Димаш «НТВ» телеарнасында «Орталық телевидение» бағдарламасының сахнасында «Знай» әнін орындады. Шығарманы композитор Игорь Крутой сүйемелдеді.

Қазақстандық әнші және Игорь Крутой Вадим Такменевпен «Орталық телевидение» бағдарламасына қатысты. Жүргізуші эфир барысында Димаш Құдайберген алмұрт жеп тұрған видеоны 250 миллион адам көргенін айтты.

Такменев әншіден «НТВ» арнасында жеміс жемесе де, жеміс-жидекке толы себетті ұстауды сұрады.

Димаш бағдарлама барысында жаңа композиция орындады, ал бейнебаянның тұсауы қазан айының басында кесілген еді.

Бұған қоса, кеше кешке Димаш Құдайберген «Муз-ТВ» телеарнасының эфирінде де көрсетілді. Көрермен назарына «Аллаға сыйлық» атты концерт ұсынылды. Онда жарты жыл бұрын әнші Игорь Крутой мен Валерия Горбаечеваның «Любовь, похожая на сон» туындысын орындаған болатын. Бұл видео YouTube-та алты миллион рет қаралған.

 



sputniknews.kz