Димаш Құдайбергеннің Кремльдегі алғашқы концерті аншлагпен өтті (фото, видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Димаш Құдайберген 22 наурыз күні Кремльдегі алғашқы жеке ән кешін өткізді. Барша қазақ елінің мақтанышына айналған өнер иесінің концертіне әлемнің түкпір-түкпірінен келген фанаттар жиналды. Кеш аншлагпен өтті, деп хабарлайды Stan.kz.

Димаш ҚұдайбергенФото: Instagram/Айған Жолдасова/коллаж Stan.kz

Жанды дауыста өткен ән кеші үзіліссіз тура 3 сағатқа жалғасты. Осы уақыт аралығында Құдайбергенов репертуарындағы қазақ, орыс, француз, ағылшын тілдеріндегі әндерді, сондай-ақ, жаңа туындыларын орындады. 

Дауыс мүмкіндігі 6 октаваға дейін баратын Димаштың өнерін 6 мың адам тамашалады. Концерт «Д-Династия» деп аталды. Оны ұйымдастыруға танымал ресейлік композитор Игорь Крутой атсалысқан. 

Залда отырған көрермендер Димаш ән салғанда денелері түршіккенін, үйлеріне қайтқан кезде де естерін жия алмағандарын айтты. 

Димаш Құдайбергеннің Кремльдегі алғашқы концерті аншлагпен өтті (фото, видео)

Құдайбергенов ән кеші барысында бірнеше мәрте сахналық костюм ауыстырды. Ұлттық оюмен көмкерілген ақ түсті костюммен Димаш Бекболат Тілеуханның «Елім менің» әнін шырқады. Сондай-ақ, Мәскеу сахнасында күмбірлете күй шертті.


Димаштың Мәскеудегі концертіне ата-анасы мен бауырларынан бөлек, Ерке Есмахан, Данэлия Төлешова, Ұлықпан Жолдасов, Айнұр Тұрсынбаева сынды танымалдар қатысты. 

Димаш Құдайбергеннің Кремльдегі алғашқы концерті аншлагпен өтті (фото, видео)

Сондай-ақ, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағанбетов, Qazaqstan РТРК басшысы Ерлан Қарин, белгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов, Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров арнайы Димаштың өнерін тамашалауға келді. 

Димаш Құдайбергеннің Кремльдегі алғашқы концерті аншлагпен өтті (фото, видео)Димаш Құдайбергеннің Кремльдегі алғашқы концерті аншлагпен өтті (фото, видео)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.



stan.kz