Димаш Құдайберген Қытайдағы JSTYLE премиясында «Жыл үздігі» атанды

0

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 11 қаңтарда Қытайда JSTYLE Exquisite Annual Awards премиясында «Жыл әншісі» номинациясында үздік деп танылды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

«JSTYLE [премиясында] «Жылдың үздік әншісі» сыйлығын алдым. Рақмет, dears (Димаштың фан-клубы), мен сіздерді жақсы көремін» деп жазды ол.

Бірнеше күн бұрын басылымдар Димаш Құдайбергеннің оңтүстік кореялық продюсер Сон Кван Сикпен жұмыс істей бастағанын хабарлаған.

Димаш Құдайберген 2017 жылы Қытайдағы I am a Singer конкурсында 2-орын алған. Осыдан кейін оның танымалдығы артып, Қытайда бірнеше сыйлықты иеленген. 2017 жылы ол Top Chinese Music Awards премиясында «Азияның ең танымал әншісі» сыйлығын алған. Ол бұған дейін Нью-Йорк, Лондон және Мәскеуде концерт қойған. 2020 жылы ол Чехия, Украина, Германияда жеке концерт бермек.

Azattyq