Домой Жаңалықтар Димаш Құдайберген оқырмандарына ескерту жасады

Димаш Құдайберген оқырмандарына ескерту жасады

0
37

Әнші өз парақшасындағы жанкүйерлеріне бейнежазба арқылы жүгінді. Ол ақша бопсалаумен айналысатын алаяқтар туралы ескертту жасады. Димаштың айтуынша, оның фотосуреттері әртүрлі аккаунттарда қолданып, әлдекімдер күмәнді ұтыс ойындарын өткізетін көрінеді.

«Бүгінгі күнге дейін әртүрлі әлеуметтік желілерде менің атыммен және фамилияммен аккаунттар, профильдер жасалып жатқанын байқадым. Ақша бопсалаумен айналысатын алаяқтар пайда болыпты. Менің білуімше, олар жалған ойындар немесе лотереялар өткізеді. Мен Instagram-да сіздермен тікелей эфирде сөйлескен кезде осы дүниелерді байқап қалдым. Мен мұндай қадамға ешқашан бармайтынымды білесіздер деп ойлаймын. Адамдардың бұл әрекетке барғаны ұят. Сізге ескерткім келеді, ешқашан интернет арқылы ақша жібермеңіз. Өзіңізге, туыстарыңызға және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!» — деді әнші.

фото: inform.kz