Димаш Құдайберген «Ең сәнқой жігіт» байқауында топ жарып келеді
Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген Иван Ургант пен Федор Бондарчуктен да озып кетті
АСТАНА, 18 наурыз — Sputnik. Дүние жүзін тәнті еткен қазақ әншісі Димаш Құдайберген Hello! журналы ұйымдастырған «Ресейдің ең сәнқой жұлдыздары -2019» — «Ең сәнқой жігіт» байқауының үшінші кезеңінде дауыс саны бойынша көш бастап келеді.
Әртістің «бәсекелестері» – тележүргізуші Иван Ургант, актер Константин Крюков, режиссер, актер және продюсер Федор Бондарчук, актер әрі шоумен Андрей Бурковский, продюсер және event-энерджайзер Алексей Киселев.
Димаштың классикалық костюм киіп, «бабочка» тағып түскен суретіне басылым оқырмандарының 90%-ы дауыс берген. Тіпті шалбарының балағы сәл қысқа екенін елемеген сияқты. Айта кетсек, Димаштың бойы – 1,91 метр.
«Ресейдің ең сәнқой жұлдыздары — 2019» атағына лайық үміткерлердің суреттерін басылым апта сайын жариялап отырады. Талғампаздығымен көзге түскендер арасында «Классика», «Casual», «Богемдық сән үлгісі» («Богемный шик») және «Ең сәнқой жұп» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталмақ.
«Ресейдің ең сәнқой жұлдыздары — 2019» байқауының марапаттау рәсімі сәуір айында болады.
Димаш Құдайберген ата-аналарға ақыл-кеңес айтты
Еске сала кетсек, 22-23 наурыз күндері Димаш Құдайберген Мәскеудің Кремль сарайында екі концерт береді. Әншінің шығармашылық кешін ресейлік композитор Игорь Крутой мен «ДимашАли» орталығы ұйымдастырады.
Ал 29 маусымда Димаш «Астана Арена» стадионында «Arnau» атты жеке ән кешін өткізеді.
Димаштың жаңа бейнебаяны — видео
sputniknews.kz