Рүстембек Омаров | өмірбаяны

0

Қазақ КСР халық әртісі, күйші-домбырашы Рүстембек Омаров Бейсенұлы — 1919 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

 

Ленинградта (Санкт-Петербург) музыка училищесін, Алматы консерваториясын бітірген. 1934 жылдан Қазақ халық аспаптары оркестрінің домбырашысы, концертмейстері, солист-домбырашысы, сонымен қатар консерваторияда сабақ берген.

 

Ә.Есқалиев, Қ.Ахмедияров сияқты көптеген күйшілерді даярлады. Қазақ халық күйлері мұрасын, әсіресе Құрманғазы күйлерін, оның орындаушылық дәстүрін жетік меңгерген. Ол 1988 жылы дүниеден озды.