Димаш бала кездегі фотоларымен тыңдармандарының көңілін елжіретті

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Димаш Құдайбергеннің жазбасына бір тәулікте 146 мың лайк басылып, үш мың пікір жазылды  

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір — Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бала кездегі фотосуреттерін жариялап, тыңдармандарының көңілін елжіретті.

«Менің жас кезім», — деп жазды әртіс суреттерге.

Жазбаға бір тәулікте 146 мың лайк басылып, үш мың пікір жазылды.

Димаш Өзбекстандағы тыңдармандарын тәнті етті – видео
«Өте сүйкімді, кішкентай кезінен ақылды әрі ойлампаз бала болғаны көрініп тұр!» – деп жазды әртістің тыңдарманы.

«Бүкіл әлем сенің аяғыңның астында болатынын кім білген. Сен кемеңгерсің!» – деді тағы бір қолданушы.

Димаш Алла Пугачеваның әнін шырқады – видео

Фанаттар Димаштың Елорда күніне жоспарланған концертін асыға күтіп жүргенін жазып жатыр.  

Димаштың елордадағы концерті қашан өтеді  

 Димаштың «Арнау» концерті 29 маусымда 30 мың көрермен сиятын «Астана Арена» стадионында өтеді. Шоуға Димаштың 15 елдегі тыңдармандары билет сатып алып үлгерген. Маусымдағы концертке  Ресей, АҚШ, Қытай және Ұлыбританиядан жанкүйерлер келмек.



sputniknews.kz