Димаш Алла Пугачеваның шығармашылық кешінде ән шырқайды

0

Ресейдің халық әртісінің шығармашылық кеші биыл 8 сәуірде өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз — Sputnik. Дүние жүзін тәнті еткен қазақ әншісі, таңғажайып дауыс иесі Димаш Құдайберген Ресейдің халық әртісі Алла Пугачеваның концертіне қатысады.

Бұл туралы Димаш Instagram парақшасында хабарлап, тыңдармандарын ән кешіне шақырды.

«Алла Борисовна Пугачеваның шығармашылық кешінде кездескенше», — деп жазды әнші.

Димаш Құдайберген хабарлағандай, Алла Пугачеваның жеке концерті биыл 8 сәуірде сағат 19:30-да болады. Бұл кеште ресейлік танымал орындаушылар Григорий Лепс, Валерий Леонтьев, Сергей Шнуров, Светлана Лобода өнер көрсетеді.

Димаштың анасы концерт алдында болған келеңсіз жайт туралы айтты

Еске сала кетсек, 22-23 наурыз күндері Димаштың Мәскеудегі алғашқы концерті Кремль сарайында дүркіреп өтті. Ресей астанасына әлемнің 56 елінен жас әншінің фанаттары жиналған.

Мәскеуде Димаш Медведевтің әйелінің қолынан гүл алды — видео



sputniknews.kz