Тоқаев: Алдымен қазақ-орыс тілін үйрену керек, содан кейін ғана ағылшын тілін меңгереміз — Қазақстан жаңалықтары

0

Қасым-Жомарт Тоқаев үштілділік саясатына қатысты ойын айтты. Президент алдымен қазақ, орыс тілдерін үйренуге ден қою керек екенін жеткізді. 

Тоқаев: Алдымен қазақ-орыс тілін үйрену керек, содан кейін ғана ағылшын тілін меңгереміз

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Құрманғали Facebook парақшасында мәлімдеді. 

Үкімет мүшелерінің баяндамаларын талқылау барысында мемлекет басшысы білім беру саласындағы үштілділік мәселесіне назар аударды. Жиынға өңір әкімдері де қатысты. 

«Бұл өте күрделі әрі маңызды сұрақ. Менің ұстамымым: алдымен қазақ тілін, орыс тілін үйрену керек. Бұл екі тіл балаларымыз үшін өте маңызды. Осыдан кейін ғана ағылшын тілін меңгеру керек», — деді ел президенті. 

Бұған дейінгі болған білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2019 жылы 13,5 мың мектеп мұғалімі төрт пәнді ағылшын тілінде үйрететінін айтқан болатын. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz