«Дикий Арманның» анасы ұлы үшін қырғыз халқынан кешірім сұрады (ВИДЕО)
Instagram-дағы kyn.kz парақшасында «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің анасы Роза Хамзақызының ұлының атынан қырғыз халқынан кешірім сұраған видеосы жарияланды. Ол қырғыз халқының қызын келін етіп, немере сүйіп отырғанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«Дикий Арманның» анасы Роза Хамзақызы қазақ пен қырғыз өте жақын екенін айтып, ұлына түсіністікпен қарауларын сұрады.
«Ассалаумағалейкум, Қырғыз елі! Сіздердің алдыңызға үлкен басыммен келіп отырған мен 70-тегі зейнеткермін! Жұмагелдиева Роза Хамзақызы. Жұмагелдиев Арман Бақытұлының анасымын. Оны «Дикий Арман» деп танисыздар ғой. Ал сіздерден ол талай рет кешірім сұрар еді, қазір енді осындай жағдайда отырғаннан кейін соның атынан, өзінің атынан сіздерден кешірім сұраймын. Ол бір жерде дұрыс сөйлемеген шығар, дұрыс түсінбеді. Екі ортада ұлттық арасыздық болып кетті, жүрегім ауырды. Оның шын мәнінде ондай жаман ойы жоқ еді. Шын мәнінде, ол қырғыз елін өте жақсы көреді, әрқашан да мақтан тұтады. «Қандай боевой, қандай патриот, керемет халық қой» деп әрқашан да мақтан тұтады. Алланың бұйрығы шығар, сол қырғыздың қызын алып, құда-құдағи болып отырмыз. Қырғыздың қызы, ИншаАлла Айкөл Аликжанқызы маған тұңғыш немеремді туып беріп отыр. Біз бақытты өмір сүріп отыр едік. Соңы көруге келген еді ғой… Осындай жағдайға душар болады деп кім білді? Мен сіздерден тағы да кешірім сұраймын! Біз өте жақынбыз! Құда-құдағимыз. Құдағи мың жылдық дейді, күйеу бала жүз жылдық дейді. Пайғамбар күйеу баласын сыйлаған. Сондықтан да сыйлап, қабылдап, кешіріп, Алла тағала жақсы қарым-қатынаста болайық! Өтініш сіздерден», – деді анасы.
Желі қолданушылары бейнежазбаға қатысты әртүрлі пікір қалдырды.
«Қаншама адамдар өлді Арман үшін елді смолаға батырып, енді қай бетіңмен шығып тұрсың?», «Қайдан кешсін жүректе жара бар. Апталдай еркек өзі сұрасын, бәрін лайға батырды», «Бостан босқа қырғыздардан кешірім сұрамаған болар бір шикілік бар ғой», «Қырғыздардан не үшін сұрап отыр түсінбедім, қазақтардан ше», «Бірінші қыршын кеткен боздақтардың ата-анасынан, халықтан сұрау керек шығар кешірімді», «Қазақ халқынан емес, қырғыз халқынан кешірім сұрағанын түсінбей отырмын» — деп жазды көпшілік.