Домой Басты тақырып Олимпиададан дымсыз қайттық. Құлыбаевтың басшылықтан кететін кезі келді ме?

Олимпиададан дымсыз қайттық. Құлыбаевтың басшылықтан кететін кезі келді ме?

0
1556

Қазақстан құрамасы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарын жүлдесіз аяқтады. Қазақстандық спортшылар бірде-бір медаль ұта алмады.

Бүгін қазақстандықтардың соңғысы масс-стартта 14-ші орын алған Надежда Морозова мен Дмитрий Морозов болды.

Конькиші финалға өте алмай, бар болғаны 19-шы болып мәреге жетті. Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығынан 30 шақырымға қысқарған шаңғы марафонында Евгений Величко 43-ші нәтиже көрсетті.

Бейжіңдегі Олимпиадаға 34 қазақстандық қатысты. Олар спорттың тоғыз түрінен сынға түсті.

Шорт-трекші Абзал Әжғалиев Қазақстан рекордын жаңартты. Қазақстандық 500 метр қашықтықта ақтық жарыста төртінші орын алды. Ол ел үшін тарихи жетістікке қол жеткізді: бұрын отандық спортшылар шорт-тректен жекелей финалға шықпаған.

Бұған дейін ол аралас командалық эстафетада өнер көрсеткен. Құрамында Абзал Әжғалиев, Яна Хан, Ольга Тихонова және Денис Никиша бар Қазақстан құрамасы бесінші орынды иеленді. Спортшылардың әрқайсысына 10 000 доллардан берілді.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының жүлделер үшін ең көп ақшалай сыйлықты Қазақстан төлейтін болды.