Дидар Смағұлов: Алматы әкімдігі 20 млн теңгеге кәдесый сатып алған
Сыбайлас жемқорлықпен күрес комитетінің бұрынғы қызметкері, қоғам белсендісі Дидар Смағұлов деген азамат әлеуметтік желіде Алматы қаласы әкімдігі жүргізген мемлекеттік сатып алу іс-әрекетін сынға алды, деп хабарлайды ЭК.
«Достар, ел Президентінің бюджет шығындарын оңтайландыру қажеттілігі туралы және имидждік шығындарға тыйым салу жөніндегі мәлімдемесі естеріңізде болар», деп жазады ол өзінің Facebook парақшасында жариялаған жазбасында.
Смағұловтың жазуынша, 2021 жылдың маусым айында қала әкімдігінің кәсіпкерлік және инвестициялар бөлімі бір ғана заңды тұлғамен келісім шарт жасасу арқылы 20 000 000 теңгенің кәдесыйлық бұйымдарын сатып алған.
Мен бұл супер кәдесыйлардың егжей-тегжейін нақтылағым келген, алайда мемлекеттік сатып алу веб-сайтында техникалық ерекшелік ретінде тек бір ғана сөйлеммен түсініктеме берілген екен,
Смағұлов өз жазбасында бұл мәліметті қайдан алғанын түсіндіре отырып, мемлекеттік сатып алу сайтының сәлтемесін көрсеткен: https://www.goszakup.gov.kz/…/customer_n_supplier/12977273
Дидар Смағұлов өз жазбасын «Әкімдік пен құзырлы орындардан жауап күтеміз» деп аяқтайды