Грузия Ресеймен дипломатиялық қарым — қатынасты қалпына келтіруден бас тартты

0

Грузия әлі де Ресеймен дипломатиялық қарым — қатынасты қалпына келтіруге ниетті емес, деп мәлімдеді биліктегі «Грузия арманы — демократиялық Грузия» партиясының жетекшісі Ираклий Кобахидзе.

Парламенттің бұрынғы спикері Тбилиси Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігі туралы нақты позиция ұстанады деп түсіндірді, деп хабарлады ТАСС. «Басқыншылықтан және біздің Батыспен бірігуімізбен байланысты қызыл сызықтар бар», — деді Кобахидзе.

Сонымен бірге, оның айтуынша, Грузия Ресеймен сауда — экономикалық және гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылауға дайын. Бұл күні Батыс жеті елі Ресей билігіне Оңтүстік Осетия мен Абхазияның тәуелсіздігін мойындаудан бас тартуды сұрады.

Грузин — осетин қақтығысының басталуының 13 жылдығына орайластырылған бірлескен мәлімдемеге АҚШ, Ұлыбритания, Ирландия, Норвегия, Франция, Эстония және Албания қол қойды. Олар Мәскеу «қарулы күштерін дереу шығарып, Грузия территориясы болып табылатын Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындаудан бас тартуы тиіс» деп есептейді.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты