Диас Нұрақын: «Нұрлан Смағұлов не деген тойымсыз едіңіз?»

0

Дәл бір ай бұрын, нақтысы 31-наурыз күні Алматыдағы Хюндай центрге барып, Элантра көлігін көздеп кеткенмін.

Базовый комплектациясы
9 090 000 (тоғыз миллион тоқсан мың) болған. Енді қарасам тағы 900 мыңға қымбаттап, 9 990 000 теңге жетіпті. Бір айда почти 1 млн қосылған. Бәрі қымбаттап жатқанын түсінем, бірақ до того 900 мың қосатындай мамонттың мүйізінен ручка салып, қолтырауын терісімен орындығын қаптап жатпаған шығарсың? Мына түрімен қарапайым халық 4 пайыздық автонесиеге де қол жеткізе алмайды.

Әлихан Смайылов мырза мына тойымсыздарға тоқтау салатын адам бар ма? Бәсекелестікті қорғау агенттігі қайда қарап отыр? Әлде олардың алпауыттарға азуы батпайды ма?
Bekzat Zhusip бастығыңыз барлық сұрақтарға осы жерде жауап беруге тырысамын деп еді ФБ парақшасын ашқанда. Смайылов мырза сөзінде тұрады деп сенемін.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі — МИИР РК 3-4 монополистің ығына жығылуды қашан қоясыңдар?. Отандық автопром деген атты жамылған миллиардерлер мемлекеттен миллиардтап субсидия алады. Онда неге көлік бағасын ай сайын қымбаттата береді?

Ең сорақысы, салондарда дайын көлік жоқ. 4% автонесие берілген күннің өзінде көлікті 2-6 ай күтесің. Бағаны фиксировать етуге тағы болмайды екен. Яғни бүгін көрген көлігіңіз алты айдан кейін 12 млнға қымбаттап кетпесіне кепілдік жоқ.

Общм мына әпенділерден әбден көңілім қалды.
Жанжігіт Омархан бауырым министрге мына жанайқайды жеткізші. Үкіметтен ақша алып отырған автоқұрастырушыларға үкіметтің сөзі өтпейді дегенге сенбеймін. Салондардағы соңғы бір айдың прайс-парағын алып зерделесеңдер, 4 пайыз деген әңгіменің шеті шыққалы көліктің қанша пайызға қымбаттағанын байқайсыңдар.

Президент, халыққа қолжетімді болуы үшін көлік бағасын арзандатыңдар деп еді ақпандағы бір сөзінде. Бірақ біздің байшыкештер Тоқаевтың сөзін қыстырмайтын болған сияқты. «Смағұлов сізді тыңдамай жатыр»-деп президенттің құлағына сыбырлап жіберші Ruslan Zheldibay.