Байтасов депутаттықтан бас тартты ма?
Алматы мәслихатының сессиясында депутат Арманжан Байтасовтың өкілеттігі тоқтатылды деп хабарлайды kz.news.kz сайты ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Алматы қаласының мәслихатының аппараты депутаттың өкілеттігі оның жеке өтініші негізінде тоқтатылғанын хабарлады. Ал өз шешімін Арманжан Мерекеұлы халықаралық деңгейде жүзеге асырылатын ауқымды медиажобаны іске асырумен түсіндіріп берді. Арманжан Байтасов депутаттыққа «Nur Otan» партиясының партиялық тізімімен бойынша сайланғандықтан, партияның қалалық филиалы бюросының шешімімен оның орнына белгілі құрылысшы, Қазақстан Құрылыс саласы одағының басқарма төрағасы Ералы Сауранбаев қалалық мәслихат депутаты болып сайланды.