Көңілдесіңді жасырғың келсе, вакцина салғыз — Шымкенттің бас дәрігері

0

Шымкент қаласы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов жұбайына көңілдесімен ұсталып қалғысы келмейтін ер азаматтарды  екпе салуға шақырды, деп хабарлайды kznews.kz сайты  Express Qazaqstanға сілтеме жасап.

Басқарма басшысы өзінің  әлеуметтік желідегі парақшасына вакцина салудың артықшылығы туралы әзіл-шынын аралас жазба қалдырған.

«Сізді жансақтау бөліміне жатқызған кезде телефондарыңызды жұбайыңызға береміз. Ол барлық көңілдестеріңізді көреді. Ұсталып қалмас үшін, вакцина салдырыңыз», — деген Позилов өз постында. Бірақ бұл постты автор өшіріп тастапты.

Десе де желі қолданушылары бұл жазбаны скриндеп үлгеріпті. Шымкент қаласының бас дәрігері жариялаған посттың скрині халық арасында кеңінен таралып жатыр.