денсаулық министрі әріптестеріне алғыс білдірді
Қысқа сілтеме алу
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов конференцияда әріптестерін халықаралық медбикелер күнімен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн-конференция кезінде әріптестерін мерекемен құттықтады.
«Сіздер атқарып отырған жұмыс — қайырымдылық, мейірімділік пен гуманизмге негізделген. Бұл қасиеттер әрбір маманға үлкен жауапкершілік жүктейді. Әлемдегі медицина қызметкерлерінің жартысынан көбі медбике және олар денсаулық сақтау жүйесінде өмірлік маңызды қызмет атқарады»,- деді министр.
Ол медбикелер адам денсаулығына қауіп төндіретін эпидемия, пандемиямен күресте де алдыңғы қатарда тұратынын айтты.
«Бүкіл әлемдегі медбикелер COVID-19-ға қарсы шықты. Еліміздегі мейірбикелер мен мейіргерлерге министрлік атынан алғыс білдіремін. Өз істеріңізге деген адалдық пен пациенттерге деген қайырымға, мейірімге толы қарым-қатынастарыңыз үшін көп рахмет», -деді Біртанов.
Денсаулық министруі өз қызметін жолын қалай бастағанын еске алды.
«Жұмысты Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада және жедел медициналық көмек ауруханасында мейіргер болып бастадым. Сондықтан, тәулігіне 24 сағат кезекшілікке түскенде төзім мен шыдамдылықтың аса қажет екенін мен өз тәжірибемнен жақсы білемін. Түрлі процедура жасайсың, науқастарға дәрі егу, жансақтау бөлмесіндегі жағдайы ауыр пациенттерді түнімен күзету қажет, мұндайда адамда «міндетімді сәтті атқарсам» деген ой ғана болады», — деп еске алды министр.
Ол медицина қызметкерлері үшін көмекке мұқтаж адамдарға шынайы қызмет ету – өмір сүру салтына айналғанын атап өтті.
sputniknews.kz