Мемлекеттік сатылымдар мерзімі ірі кибершабуылдың кесірінен кейінге шегерілді — Қазақстан жаңалықтары

0

Мемлекеттік сатып алу порталы хакерлардың шабуылына ұшырады. Сол себепті портал арқылы жүзеге асырылатын барлық үрдіс кейінге шегерілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

компьютер

«Мемлекеттік сатып алу порталының жұмысы 9 мамырдан бастап DDos-шабуылдарға байланысты қиындап тұр. Мамандардың сөздерінше, мұндай ірі шабуыл тарихта бірінші рет орын алды. Бұл жағдайға байланысты ҰҚҚ-мен бірлесіп тиісті шаралар атқарылуда. Осыға орай, біздің порталды қолданатын барша азматтардан кешірім сұраймыз», — делінген ресми хабарламада. 

Бұған қоса кибершабуыл кезінде өтуі тиіс болған сатылым үрдістерінің барлығы кейінге шегеліген. 

Айта кетерлік жайт, «Электрондық мемлекеттік сатып алу» ақпараттық жүйесі мемлекеттік сатылымдарды дәл осы уақытта жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталмыш жүйе арқылы электронды түрде келісімшарттар толтырылып, қызметтер топтастырылып, мемлекеттік сатылымдарды бақылауға болады. 

 

stan.kz