Денис Теннің өліміне күдіктілерді қамауда ұстау уақыты үшінші рет ұзартылды — новости Казахстана
Сот қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне күдіктілерді қамауда ұстау уақытын тағы да 15 тәулікке созды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Денис Теннің өліміне күдіктілердің барлығы қамауда әлі 15 күн болады.
Бұл шешімді Алматы қалалық соты қабылдаған.
Осылайша, қарақшылық пен адам өліміне күдікті Қиясов 3 желтоқсанға дейін, ұрлық пен қарақшылыққа, адам өліміне күдікті Құдайбергенов 4 желтоқсанға дейін қамауда отырады.
Ал ұрлық жасау істеріне қатысқан, сондай-ақ, қылмысты жасырып қалған Толыбаева изоляторда 7 желтоқсанға дейін болады.
Мәнерлеп сырғанушының өліміне қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар