Денесіне темекі сөндіріп, аязда қалдырды: Өскемендегі жантүршігерлік оқиғаның мән-жайы
Қысқа сілтеме алу
Дәрігерлер балалардың аш болғанын айтады. Бірнеше сағат далада болғандықтан, қатты тоңған. Оның үстіне денелерінде күйік іздері табылды
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан — Sputnik. Өскемен қаласында денесі күйіп, әбден тоңған ағасы мен қарындасы ана мен бала орталығына түсті. Оларды аналары далада қалдырып кеткен. Ал денедегі күйіктері өгей әкелерінің ісі, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
9 жастағы Данил анасына қайта оралмайтынын айтқан. Бала ДЦП дертіне шалдыққан, жүре алмайды. Ал қарындасы бір жарым жаста. Балаларды туған анасы бірнеше сағат бойы далада ұмытып кеткен. Көршілері дабыл қағып, полиция шақырды.
Тағы оқыңыз: Оралда туған баласын өлтірген әйел қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті
Дәрігерлер балалардың аш болғанын айтады. Қатты тоңған. Алайда дәрігерлер балалардың денесіндегі күйік іздерін көріп бұдан бетер шошыған. Данилдың айтуынша, өгей әкелері темекісін балалардың денесіне сөндірген. Қазір балалар тамақтанып, жуынған. Ем қабылдап жатыр. Медициналық орталық дәрігерлері полицияға хабарласты. Іске қалалық қоғамдық кеңес те араласты. Олар балаларды отбасына қайтару қылмыс деп отыр.
«Бұл расымен де жантүршігерлік оқиға. Әрине, біз тиісті шараны қолға аламыз. Балаларды мамандандырылған үйге тапсыру қатысты өтініш жазамыз», — деді Өскемен қаласы денсаулық сақтау жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Татьяна Чернышова.
sputniknews.kz