Адамның туған күні мен қауіпті аурудың күтпеген байланысы анықталды

0
23

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

https://sputniknews.kz/images/1195/92/11959203.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/world/20191221/12346850/tuagn-kun-syrqat.html

Ғалымдар 38 жыл бойы зерттеу жүргізген. Барлығы 117 мың адам қатысыпты. Олар әр екі жыл сайын денсаулығына байланысты сауалнама толтырған

НҰР-СҰЛТАН, 21 жетоқсан — Sputnik. Америкалық ғалымдар адамның туған айы мен жүрек ауруларының байланысын анықтады. Зерттеу нәтижесі The BMJ сайтында жарияланған.

Ғалымдар зерттеу жүргізуге 38 жыл жұмсаған. 30-55 жас аралығындағы 117 мың адамның денсаулығы тексерілді. Әр екі жыл сайын қатысушылар денсаулығы мен өмір салтына қатысты сауалнаманы толтырды.

38 жылда зерттеуге қатысқан 43 мың адам көз жұмған. Оның 8 360-ы жүрек-қантамыр салдарынан өмірден озған. 

Тағы оқыңыз: Мүлдем ішпеу керек: дәрігер адам үшін аса қауіпті сусынды атады

Ғалымдар көктемде және жазда дүниеге келген адамдарда жүрек сырқатынан көз жұму қаупі жоғары екенін анықтады. Күзде туғандарда сирек кездесуі мүмкін. Өйткені рацион, ауаның ластануы, анасының аяғы ауыр болған кезде және баланың кішкентай кезінде күннің жарығының мөлшеріне байланысты деген болжам айтылды. Алайда себептері әлі зерттеуді қажет етеді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз