«Денесіндегі оқ алынбаған». Журналист изоляторда жатқан шымкенттік азамат туралы

0
Журналист Дина Имамбаева әлеуметтік желіде халықты алаңдататын жазба жариялады деп хабарлайды kznews.kz тілшісі.
«Спасение утопающих — дело рук самих утопающих» дегеннің кері тергеу изоляторында жатқандарға келіп жатыр. Жетімдер мен туысы алыста тұратындардың жағдайы тіпті қиын.
СИ-18-де қамауда жатқан Абдурашид Сулейманов деген шымкенттік азаматтың денесіндегі оқ алынбаған. 1978 жылы туған. 4 баласы бар. Алматыда жұмыс істеп жүрген. Туыстары келе алмапты әлі.
Адам құқықтары бюросына хабарласқанымда олар Абдурашидтің өзі немесе адвокаты әрекет етуі керек деді. Онсыз құқыққорғаушылар өз бетімен изоляторға кіріп, оның жағдайын біле алмайды екен. Атыс болғалы 1 айдан асты, осы уақытқа дейін әрекет етпеген мемлекеттік адвокат енді қашан қозғалады, ана адамға обал болды ғой.