Мұхтар Тайжан: «Саяси шешімдер ауадай қажет»

0

«Президент бүгін берген сұхбатын тікелей эфирде көруге мүмкіндік болмай қазір ғана ютубтан көріп шықтым. Келісетін де, келіспейтін де жақтары бар, қолдайтын да, қолдамайтын да пікірлерін естідім. Ол норма деп білем.

Бірақ ең басты әсерімді айтайын ба? Президенттің дұрыс болса да сөздерінен шаршадым, нақты істеріне шөлдеп жүрмін. Бізге әдемі, жақсы дайындалған сұхбат пен баяндамалар емес, нақты іс, батыл қимыл, саяси шешімдер ауадай қажет болып тұр. Елдегі ахуал сондай.

Ал тілші Жайна Сламбек ханымға ризашылығымды білдірем. Халықтың арасында көп талқылайтын сұрақтарды сескенбей қойғаныңыз үшін. Киіміңіз да строгий болды, рахмет.

Президент мырза кварталына бір рет болса да қазақ тілінде сұхбат беріп отырса өзіне де, халыққа да тиімді болатын еді деп санаймын».

Мұхтар Тайжан