«Демпартия деген фейк халықты әбден адастырды» — блогер

0
241

Өзін белсенді санайтын және тіркелмеген демпартияның жетекшісі Жанболат Мамайдың пресс-конференциясынан кейін блогер Ораз Әлімбеков фейсбук парақшасында пікірімен бөліскен.

Мамайдың іс-әрекеті туралы осыған дейін де пікір білдіріп жүрген блогер Ораз Әлімбеков фейсбук парақшасында пост жазыпты.
«Мамайдың пресс-конференциясын көріп шок болып отырмын. Бала күнімізде көретін менің атым Қожадағы өтірікші Сұлтан секілді таааза әртіс қой, әртіс)))», — деп блогер әзіл-шынын араластырып бастаған.

Сонымен қатар бұл туралы ойын «Бізде, Жанболат Мамай айтқан демпартия деген фейк саяси құрылым әбден халықты адастырды. Содан кейін,амбициясы мен саяси потенциалы бір-біріне қайшы хайпожорлар партия ашқыш болып алған. Негізі партия деген халықпен үндес болады, оның талап-тілегін мемлекетке жеткізеді. Мемлекеттік органдарды сықпыртып сынап, қимылдауына септік етеді және жұмысының нәтижесін көрсетеді.

Ал бұлар «Уа, халайық, демпартияның батыры, елім деген азамат қамауға алынды, бүйтіп қалды, сүйтіп қалды» деп елден ақша жинайды да жатады», — деп тарқатып жазған.

Сонымен қатар, блогер Мамай өтірікке сендірудің арнайы технологиясын меңгерген бе деген таңданысын да жасырмады.

«Өтірікке сендірудің технологияларын оқып алған бұл бәле, сөзінің арасына халықтың тілегі, садақа, жұма намаз деген секілді тіркестерді де үнемі қосады. Бетін тілсең қан шықпайды-ау суайттың)))
Жалпы, қазір осындай айлакерлер көбейіп кеткен, шын мұқтаждармен жарысып каспиге ақша жинайды. Оған қолындағы соңғы тиынын жырып алып қазағым жинап береді. Бірі балам ауырып қалды, бірі үйім өртенді, гив ойнатам деген тағы басқа алаяқтар көбейіп кеткен. Енді партия ашайын деп едім, партия аштым, халықтың сөзін сөйлейміз дейтіндер де пайда болыпты. Жүре берсең, көре бересің деген осы болса керек», — делінген Әлімбеков жазбасында.

Сондай-ақ ол Жанболаттың тіркелмеген демпартиясының мамайбот батырларын өзінің айыппұлдарынан құтылу үшін араластырып жатыр деп ашып айтқан.

«Сөздің тоқ етері Жанболат Мамай барып тұрған саяси алаяқ адам. Әлін білмеген әлек деген бар емес пе?!. Бұрынғы Алматы әкімінің атынан жалған материал шығарып, соттасып,яғни ұтылып, енді айыппұлдарын төлеу үшін бар білген айласын мейлінше қолданып жатыр. Әлеуметтік желідегі парақшаларына кіріп қалсаң «каспи ГОЛД»картасын қаптатып көрсетіп қойған.Сол үшін ағайын бір тиын да бермеңдер! Өз ісін өзі мойынымен көтерсін».

Кznews.kz