ДДСҰ ковидтың алғашқы вакцинасына рұқсат берді

0
127

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Pfizer компаниясы BioNTech-пен бірге шығаратын коронавирустық вакцинаны шұғыл қолдануға рұқсат берді. Бұл туралы ДДСҰ Twitter-де хабарлады.

«Вакцина қауіпсіздік пен тиімділіктің міндетті критерийлеріне сәйкес келеді, оны аурумен күресу үшін қолданудың артықшылықтары ықтимал тәуекелдердің орнын толтырады», – деді ДДСҰ өкілі.

Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған коронавирустық алғашқы вакцина. Кейінірек ол тұрақты пайдалануға рұқсат ала алады.

Керімсал Жұбатқанов