ДДСҰ коронавирустың жаңа штамдары вакцинадан жоғары «қорғану» қабылетіне ие екенін хабарлады
Коронавирустың жаңа штамдары вакциналардан жоғары деңгейде «қонғану» қабілетіне ие. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Гебрейесус айтты.
«COVID-19 нұсқалары қазір вакциналарды өндіру мен тарату теңсіздігіне байланысты вакциналармен жарыста жеңіске жетуде, бұл әлемдік экономиканың қалпына келуіне де қауіп төндіреді», — деді ДДСҰ басшысы.
Ол «вакцина ұлтшылдығы» стратегиясын сынға алды, нәтижесінде елдердің шағын тобы коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектердің «арыстан үлесіне» ие болды. Гебрейесус бірқатар мемлекеттердің билігі халық үшін эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын мерзімінен бұрын әлсіретіп жатқанын атап өтті.
ДДСҰ басшысы COVID-19 пандемиясы әлі аяқталмағанын және көптеген аймақтарда аурудың күрт өскенін еске салды. ДДСҰ басшысы Үндістанда, Африка мен Латын Америкасында оттегі мен медициналық жабдықтардың тапшылығына назар аударды.
«Моральдық, эпидемиологиялық және экономикалық тұрғыдан алғанда, қазір әлем бірігіп, пандемиямен күресетін уақыт келді», — деп аяқтады ДДСҰ басшысы.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты