ДДСҰ басшысы – Коронавирус ұзақ мерзімді әсерлері белгісіз болып қалады

0
0

Коронавирустың, COVID-19 ұзақ мерзімді әсерлері белгісіз болып қалады. Бұл, атап айтқанда, науқас балалар мен жасөспірімдерге қатысты. Мұндай мәлімдемені сейсенбіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус жасады.

Ол 20 жасқа дейінгі адамдар инфекцияның 10 %-дан азын және өлім-жітімнің 0,2 %-дан азын құрайтындығын атап өтті. Алайда балалар мен жасөспірімдер де ауыр сырқаттанып, коронавирустың салдарынан қайтыс болады.

«Балалар мен жасөспірімдер арасында ауыр COVID-19 жағдайлары мен өлім қаупін арттыратын факторлар туралы көбірек зерттеулер жүргізу қажет», – деді ДДСҰ басшысы. Ол жұқтырған адамдардың денсаулығына ұзақ мерзімді әсері әлі белгісіз екенін баса айтты.

Гебрейесус сонымен қатар балалар пандемияға аз ұшырағанымен, оларға да әсер ететіндігін айтты. Бұл иммундау мен нәрестелерді тамақтандыру қызметтерінің бұзылуынан байқалды, ал миллиондаған балалар мектептен тыс қалды. ДДСҰ басшысы мектептерді жабу туралы шешім экстремалды және уақытша шара болуы керек деп баса айтты.

Бұған дейін Индонезия SARS-CoV-2 коронавирусы туындаған асқынулардан болатын балалар өлімі бойынша әлемде көшбасшы болып отыр.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз