ДДCҰ басшысы өзін-өзі оқшаулады

0

ДДCҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Twitter-де коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматпен байланысқаннан кейін өзін-өзі оқшаулағанын мәлім етті.

Ұйымның бас директорының сөзіне қарағанда, аурудың белгілері жоқ, бірақ ДДСҰ хаттамаларына сәйкес, жақын күндері ол үйде жұмыс істейтін болады.

«Біздің барлығымыз вирустың таралуына қарсы тұру бойынша ұсыныстарды ұстануымыз өте маңызды», — деп жазды Гебрейесус.

stan.kz