Димаштың жүрегі бос па — әнші эксклюзивті сұхбат берді

0

Димаштың сұхбаты дәл қашан көрсетілетіні туралы айтылмайды. Арман Давлетьяров әншінің шығармашылығы мен жеке өміріне қатысты сұрақтар қойды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Муз-ТВ арнасының бас директоры Арман Давлетьяровқа сұхбат берді.

 

View this post on Instagram

 

Soon on the MuzTV channel _______________________________________ Скоро на канале @muztv @arman_dav

A post shared by Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash) on

«Оның таланты — миллионның бірі. Димаш Құдайберген — ол кім? Оның жеке өмірі туралы, қанша ақша табады, оның жүрегі бос па және 26 жасқа дейін қалайша әлем жұлдызына айналуға болады. Біздің заманымыздың ең жұмбақ вокалдық құбылысы туралы айтады» деді «Муз-ТВ» телеарнасы.

Димаш Instagram-да сұхбаттың жақында теледидардан көрсетілетінін жазды.

Әнші жанкүйерлеріне өзінің жоспарлары туралы да айтты.

«Бүкіл әлемде карантин басталғаннан бері бірнеше ай өтті, осы уақыт аралығында мен өз елімде тұрдым. Сіздердің көпшілігіңіз менің жаңа жұмысымды күтіп отырғандарыңызды білемін. Менің командам Қытайда қалғанына қарамастан, біз жаңа жобалармен жұмыс істеуді жалғастырамыз. Мен бірнеше жеке музыкалық жобалар жасадым, олар сіздерді екінші жеке альбомымның соңында естисіздер. Тек танымал композиторлардың ғана емес, менің композициямның да жаңа әндері болады», — деді Димаш.


Ол көрермендерге қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдіріп, алғыс ретінде тосын сыймен қуанатынын айтты.

Бұған дейін Американың MTV USA музыкалық арнасы тарихта бірінші рет қазақша клип көрсетті. Ізашар — Димаш Құдайберген өзінің «Қайран елім» әні.

sputnik.kz