дауыс беру хаттамасының фотосы жарияланды  

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

12 0 0

Бірінші арнаның бас директоры Константин Эрнст хаттаманы жариялау  «Голос. Дети» қорытындысын тексерудегі ең алғашқы қадам екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Бірінші арна «Голос. Дети» байқауының финалындағы көрермендер дауысы қорытындысының хаттамасын жариялады, бұл жобада қазақстандық Ержан Максим екінші орын алған еді.

«Голос. Дети»финалы  – дауыс беру нәтижесі

«СМС сервисы» ЖШҚ ұсынған құжатқа қарағанда, жеңіске жеткен Микелла Абрамова SMS 109 мың 23, сондай-ақ телефон қоңыраулары жүйесі арқылы 36 428 дауыс алған. Ол жинаған дауыстың жалпы саны – 145 451.

Қазақстандық Ержан Максим SMS арқылы 62 667, ал телефон қоңыраулары арқылы 2 168 дауыс алған.  

Жартылай финал мен финал бір күнде өткен, дауыс хаттамасында соңғы кезең жеке белгіленбеген. 

  

Эрнст «Голос. Дети» қорытындысына түсініктеме берді

Бірінші арнаның бас директоры Константин Эрнст хаттаманы жариялау «Голос. Дети» қорытындысын тексерудегі ең алғашқы қадам екенін мәлімдеді. Ол РИА Новостиге берген сұхбатында Абрамованы қолдаған қоңыраулар мен SMS-тер басқа қатысушыларға берілген дауыс санынан едәуір асып кеткенін айтты.  

Эрнст тексеріс қорытындысы бойынша нәтиженің бұрмаланғаны анықталса, «Голос. Дети»дауыс беру жүйесі өзгеруі мүмкін екенін жоққа шығармады.     

«Голос. Дети» жобасындағы жанжал

Голос. Дети» жобасында әнші Алсу мен танымал бизнесмен Ян Абрамовтың қызы Микелла Абрамова жеңімпаз атала салысымен, жанжал шықты.  

Ресейлік әншілер «Голос. Дети» байқауы әділетсіз өткенін мәлімдеді

Светлана Лобода тәлімгерлік еткен Абрамова дауыстың 56,5%-ін жинап, Валерий Меладзенің командасындағы Ержан Максим мен Пелагеяның шәкірті Валерий Кузаковты артқа тастады. Микелла Абрамова жеңіске жеткені үшін бір миллион рубль мен алғашқы әнін жаздыруға сертификат алды.

Тележүргізуші Максим Галкин мен әнші Валерий Меладзе, продюсер Иосиф Пригожин, актер Станислав Садальский финалдың нәтижесіне көңілі толмайтынын мәлімдеп, әлеуметтік желіде өз пікірлерін ашық білдірді.

Кейбір жұлдыздар Микелла Абрамоваға қолдау білдірді.

Ержан Максим желідегі парақшасында қолдау көрсеткендердің барлығына алғысын білдіріп, Максим Галкиннің видеопікірін жариялады. Жас әнші көптеген адам оның талантын бағалағанына дән риза.  



sputniknews.kz