Дәулет Тұрлыхановтың анасы өмірден озды
Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Мәрзия Тұрлыханова 79 жасында өмірден озды.
Бұл туралы марқұмның ұлы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының жүлдегері Дәулет Тұрлыханов Instagram желісінде хабарлады.
Белгілі болғандай, Мәрзия Тұрлыхановамен қоштасу рәсімі 17 шілдеде сағат 10:00-де Алматыдағы «Достық» спортш кешенінде өтеді.
Мәрзия Тұрлыханова – Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол көптеген жылын білім беру саласына арнаған. Оның жұбайы Болат Тұрлыханов – қазақстандық танымал палуан, республиканың еңбек сіңірген бапкері.
Мәрзия Тұрлыханова – Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ұстазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, республиканың білім беру саласының құрметті қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор. Ол өзінің еңбек жолын математика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Кейіннен мектеп директорының орынбасары, директор қызметтерін атқарған. 1994 жылы көпсалалы қазақ гимназиясының басшылығына келді. Артынша «Болашақ» мамандандырылған орта мектебінің бас директоры болды.
stan.kz