«Дәрігерлер жауыздығынан екі сәби өлім аузында жатыр!». Әйел Тоқаевқа хат жазды

0

Кенжегүл Тергембай есімді әлеуметтік желі қолданушысы топтардың бірінде өлім аузында жатқан екі сәбидің жағдайын баяндап, олар үшін көмек сұрады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бағытталған хаттың түпнұсқасын жария етті.

«ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАУЫЗДЫҒЫНАН ЕКІ СӘБИ ӨЛІМ АУЗЫНДА ЖАТЫР! Жауыздық демеске амалым қалмады😭. Жамбыл облыстық перзентханасына толғағы қысып түскен әйелге «демалыс өтсін, жұмыс күндері басталсын, күте тұрыңыз» деп ауыруын басатын дәріні бере берген.

Соның салдарынан екі сәби клиникалық өлім халінде туған. Қазір нәрестелер комада жатыр. Дәрігерлер анасына екі баланы «адам болмайды» дегенді айтыпты. Арын ақшаға сатқан ақ халаттыларды жауапкершілікке тартармыз-ау, құрдымға кеткен екі сәбидің өмірін қайтсек құтқара аламыз?!

МИНИСТР МЫРЗА, ШҰҒЫЛ АРАЛАСУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ! #МЗРК Ескерту: шағымданушылардың аты-жөні төмендегі хатта көрсетілген, хат Ел Президенті Қ. Тоқаевқа жолдаған», — деп жазды Кенжегүл Тергембай. 

Ал хат иесі Рысбек Ақбота Әлиасқарқызы.