“Егер мен Қазақстанның премьері болсам…”: Михаил Саакашвили мәлімдеме жасады

1
10626
Фото: Tengrinews

Атышулы саясаткер және Грузияның экс-президенті, қазіргі Украинаның ұлттық кеңес реформасының жетекшісі Михаил Саакашвили Қазақстандағы биліктің басты мәселесін айтып, жарияға жар салды. AuditoriumQZ YouTube – арнасына берген сұхбатында ол негізгі мәселелерді қаузады.

Аталмыш ютуб арнаның жүргізушісі Саакашвилиге “Егер сіз Қазақстанның премьер-министрі болсаңыз қайтер едіңіз?”-деген гипотетикалық сұрақ қойды. Грузияның экс-президенті бірден билікте меритократия принциптерін енгізетіндігін айтты.

“Ең бастысы меритократия сөзін босқа еске алып тұрған жоқпын. Ашық байқау арқылы билікке үнемі таланты, жаңа адамдарды алу керек. Мен, мәселен маған керек адамның барлығын тек байқау арқылы таңдап алдым”,- деді ол.

Саакашвилидің айтуынша, билікке келген саясаткердің барлығы өз маңайына туысқандарын, таныстарын, бірге оқыған сыныптастары мен курстастарын тартады. Бұл үрдістен қоғамға еш пайда жоқ.

“Біріншіден, кез-келген елдегі билікте болсам міндетті түрде – меритократия жүйесіне өзгертем. Барлық туыс-туғанның жұмыстан кетуіне мүмкіндік жасаймын”-деді Саакашвили.

Айтуынша, ол Грузияның президенті және басқа да мықты басшылықты қолға алған кезде, оның бірде-бір туысқаны саясатта мансап жасай алмапты.

Тіпті ол, туысқандарына әдейі кедергілер туғызыпты. Туыстары талантты болып тұрса да, саясатта да, бизнесте да мансап жасауға мүмкіндік бермеген.

“Менің ойымша, Қазақстанда бәрі бар. Меритократияны енгізген күнде адамдар басқарудың тиімді моделін табады. Олар бір-бірімен бәсекелеседі. Амбициясы бар адамдар ел үшін жақсы нәрсе жасауға тырысады”, -деді Грузияның экс-президенті.

Саясаткердің ойынша, шенеуніктердің барлығы сонда ғана еліне-жеріне сүйіспеншілікпен қарап, отбасын, өз кланын билікке тартпайтын болады.

Қазақстан билігі туралы әңгіме – 20:40.