Дәрігерлер мен полицияның немқұрайлығы: Қазақстан ауруханасында өлі бала туған Өзбекстан азаматының оқиғасы — Қазақстан жаңалықтары

0

Өзбекстан тумасы Александра Матвеева өлі бала туды. Бірақ әйел сәбиді аман алып қалуға болатын еді деп отыр. Ол перзентханаға түскенде құжаттарында мәселе туындап, дәрігерлер полиция шақырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап.

әйел өзбек
Алматы облысының тұрғыны Роза Нам толғақ қысқан көршісін перзентханаға жеткізген. Бірақ оның айтуынша, жүкті әйелді дәрігерлер құжаты дұрыс болмағандықтан біраз уақытқа дейін қабылдамаған. 

«Перзентханаға апарсам, дәрігер ол Өзбекстан тумасы ғой деп тұр. Енді не істейміз десем «Тіпті ол біздің аймақтан емес» деп айтты», — дейді Роза Нам.

Әйелді УЗИ тексерісіне көрші ғимаратқа жібергенін айтып, күйеуі шағымданды.

«Біраз уақыттан соң әйелімді маған ертіп келіп, көрші мекемедегі УЗИ-ге апарыңдар деп айтты. Ол жаққа бару үшін кқшені айналып өттік. УЗИ екінші қабатта екен», — дейді Айбар Ибрагимов.

Александра Матвеева қазір перхентхананың палатасында жатыр. Басқа елдің азаматы болғаны үшін қандай қиындықтарға тап болғанын көргенін көзіне жас алып есіне алады. Тіпті анализді тұрып тапсырған. Перзентханаға түсер алдында іштегі баланың қозғалысын сезген. Бірақ УЗИ қозғалыс жоғын көрсеткен.

«Ол сәби ести алмай тұрғанын айтты. Сол кезде оның ішімде жатқанда өліп қалған деді», — дейді сәбиінен айырылып қалған Александра.

Айтуынша, оның қайғысына қарамастан дәрігерлер полиция шақырған. 

«Баламның өлі екенін білген мен не істерімді білмедім. Бірақ олар жағдайыма қарамастан полиция шақырды. Бірақ босанып біткен соң да шақырса болар еді ғой», — дейді келіншек.

Дәрігерлер әйел перзентханаға түскеннен бастап оған көмек көрсеткендерін айтады. Ал полицияны аты-жөнін жазу кезінде құжат дұрыс болмаса шақыру міндетіміз дейді. Бірақ іштегі сәби әйел келген кезде өлі болғанын айтады перзентхана меңгерушісі. 

«Біз оны дәлелмен айта аламыз, әйел түскен кезде сәбидің жүрегі соқпай тұрды. Оны УЗИ да көрсетті. Перзентханаға түскен кезінде бала өлі болған», — дейді Іле ауданы орталық ауруханасының перзентхана бөлімінің меңгерушісі Айжангүл Шыдыбаева.

Роза Намға шетел азаматының ешқайда тіркелмегенін хабарламағаны үшін 35 мың теңге айыппұл салынды. Ал бала өлімі мен дәрігерлердің немқұрайлылығына қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде. 
 

stan.kz