Қарт әжейдің туысқандары қабірді қазғаннан кейін күтпеген жағдайға тап болды

0
22

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

53 0 0

Зейнеткер он сағат бойы ес-түссіз жатқан, еш белгі бермеген, осыдан кейін дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Дәрігерлер қайтыс болды деген Украинаның 83 жастағы тұрғыны Ксения Дидух туысқандары жерлеуге дайындалып жатқан кезде тіріліп кетті.

ТСН ақпаратынша, таңғажайып оқиға Винницкая облысында болған.

Зейнеткер он сағат бойы ес-түссіз жатқан, еш белгі бермеген. Осыдан кейін дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтқан.

Медбикелер қарт әжейдің тамыр соғысы мен қысымын өлшеген, бірақ құрылғы ештеңе көрсетпепті.

Дәрігерлер, сондай-ақ, кардиограмма жасатқан –  түзу сызық шыққан.

Тағы оқыңыз: Әйел адам жерлеу рәсімінде тіріліп кетті

Дидухтың туысқандары қабірді қазып, жаназаға дайындалған. Алайда сол сәтте зейнеткер көзін ашып, күліп, қалжыңдай бастапты.

Дәрігерлердің айтуынша, әйел клиникалық өлімді бастан кешірген.



sputniknews.kz