Дәрігерлер 97 жастағы науқастың коронавирустан қайтыс болмағанын айтты

0

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қайтыс болғандар туралы бұған дейін жарияланған ақпаратқа өзгерту енгізді

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір — Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі қайтыс болған 97 жастағы науқастың коронавирустан қайтыс болмағанын хабарлады. 

«Науқас мидағы қан айналымының бұзылуы салдарынан қайтыс болды. Ал коронавирус инфекциясы өзге де ауыр сырқаттар сынды осыған әсер еткен», — деп жазылған ведомствоның хабарламада. 

Коронавирус инфекциясынан көз жұмған жағдайларды зерттеу жөніндегі комиссия бұл оқиғаны Covіd-19-дан көз жұмғандар қатарына қоспауға шешім қабылдады. 

Тағы оқыңыз: COVID-19: әлемде не болып жатыр?

Осылайша, Қазақстанда коронавирустан жиырма алты емес, жиырма бес адам көз жұмды.



sputniknews.kz